«Торғай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі бойынша қамқоршылық кеңесі отырысының №1 хаттамасы
Күні: 06.09.2021
Қатысқаны: 5 адам
Күн тәртібінде:
- Қамқоршылық кеңес мүшелерін қайта құру,төрағасын,хатшысын,мүшелерін сайлау.
- Қамқоршылық кеңесінің ережесімен таныстыру.
- Қамқоршылық кеңесінің жоспарын құру
- Әр түрлі сұрақтар
- Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Айтбаева М.Ж. сөз алды. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы қабылданды, біздің мектебімізде қамқоршылық кеңес құрамы 2016 жылы құрылған. Осы құрамда қалдырсақ деген ұсыныс бар. Қарсылық білдіргенді жоқ, бір ауыздан шешілді.
Қаулы: Қамқоршылық құрамы сол құрамда қалдырылсын.
- Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің ережесімен директордың тәрбие існің орынбасары Калхаман А.С таныстырып өтті. /ереже хаттамаға тіркелді/
Қаулы: Қамқоршылық кеңесінің жұмысы қамқоршылық кеңесінің ережесіне сай жұмыс жасалсын.
- Қамқоршылық кеңесінің 2021-2022 оқу жылына жұмыс жоспары құрылып, бекітілсін.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Ж.Кусаинов
Қамқоршылық кеңесінің хатшысы А. Кукай