Текст
Жыл сайын, 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні (World Health Day) атап өтіледі . Бұл күн 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (World Health Organization, WHO) құрылған күніне орай таңдалды. Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды. Дүниежүзілік денсаулық күні планетаның денсаулығы алдында тұрған жаһандық мәселелерге арналған. Жыл сайын белгілі бір тақырып таңдалады.