Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті кәмілетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық, фактілері туралы хабарламаларды анықтау мақсатында Telegram мессенджерінде Bala Qorgay (Бала қорғау) чат -каналын құрғанын хабарлайды. Егер Сізге жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша белгілі болса, облыс, аудан, ауыл, білім беру ұйымының атауын көрсете отырып, аталған чатқа ақпарат жіберуге болады. Аталған сілтемелер ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан шұғыл шаралар қабылдау үшін құзіретті органдарға жіберілетін болады. Чат-каналға қосылу үшін Telegram қосымшасының браузерінде "bala_qorgay" деген жолды жазу керек.