"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің" Біртұтас тәрбие бағдарламасы құндылықтар және оны іске асыру жоспары негізінде "Өзін-өзі басқару" ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес "Торғай ауылының ЖОББМ" КММ-нің "Өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі: Бөлегенова Г.Т., 21 қазан күні Мектеп президентін сайлау іс-шаврасын өткізді. Мектеп президенті лауазымына 3 үміткер дауысқа түсті.
1. Асанова Дариға
2. Мерекеева Дильназ
3. Темирбекова Диляра
Сайлауға келген оқушылардың жалпы саны 128 оқушы қатысты. Сайлаудың комиссия мүшелері өз міндеттерін жақсы атқарды. Сайлау қорытындысы бойынша дауыс саны есептелді. Темирбекова Диляра - 61 дауыс, Мерекеева Дильназ - 55 дауыс, Асанова Дариға - 7 дауыс жинады. Жарамсыз деп танылған - 5 дауыс. Мектеп әкімшілігі атынан сайлауға қатысқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!